$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда жүріп бара жатқан көлік үстінде трюк жасаған жігітке қатысты әкімшілік іс қозғалды

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен оған 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

Нұр-Сұлтанда жүріп бара жатқан көлік үстінде трюк жасаған жігітке қатысты әкімшілік іс қозғалды
Бейнеден кадр

Нұр-Сұлтанда жас жігіт жүріп бара жатқан көліктің капотында трюк жасаған. Мұндай видео әлеуметтік желіде жарияланған. Ал әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Instagram желісіндегі стористе жарияланған жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға қатысты бейнероликті анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасақана жол ережесін бұзушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Олар 18-19 жас аралығындағы қала тұрғындары екені белгілі болды. «Hyundai Tucson» маркалы автокөлігiнің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Ал «капоттағы жолаушыға» қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен оған 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзбауды, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасамауды ескертеді.


 

 

Серіктес жаңалықтары