$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Орал қалалық ПБ бастығының орынбасары пара алу кезінде қолға түсті

Күдікті уақытша ұстау изоляторында

Орал қалалық ПБ бастығының орынбасары пара алу кезінде қолға түсті
Фото ашық дереккөзден

Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары пара алу кезінде ұсталды. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізген жедел іс-шаралар барысында оның ұсталғанын нақтылады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.

«ІІМ лауазымға және атаққа қарамастан, пара алу және полицейлер жол берген азаматтардың құқықтарын бұзу фактілерінің  жолын одан әрі де кесетін болады. Олардың кесірінен Қазақстан халқына қызмет ететін адал және таза полицейлердің атына кір келтіріледі. Қатардағыларды тазарту жалғасуда», - деді ҚР ІІМ ӨҚД бастығы Арман Саданов

 

Серіктес жаңалықтары