«Джокер» Оскарға 11 номинация бойынша үміткер болды

Azattyq Rýhy

Жеңімпаздар есімі 9 ақпан күні жарияланады 

Фото: ашық дереккөзден

Кеше кешке «Оскар-2020» сыйлығының номинанттарының есімі жария болды. Олардың ішінде Тодд Филлипстің «Джокер» фильмі көш бастап, 11 аталым бойынша үміткер атанды. Ал Мартин Скорсезенің «Ирландец», Квентин Тарантиноның «Однажды в Голливуде», Сэм Мэндестің «1917» фильмдері 10 номинацияда додаға түсуде.

Кинематограф өнері мен ғылымы академиясы сыйлығына үміткерлер ішінде әдеттегідей қазақстандық фильмдер жоқ. Әйтпесе, былтыр Оскарға Рүстем Әбдірәшевтің «Қазақ хандығы. Алтын тақ» туындысы ұсынылған болатын. 2019 жылы қазақ актрисасы Самал Еслямова басты рөлді сомдаған «Айка» туындысы шорт-листке ілініп, номинанттар тізімінен көрінбеген еді.

Ресейлік 28 жасар режиссер Қантемір Балаговтың «Дылда» әскери драмасы да үміткерлер тізімінен түсіп қалды. Ол 2019 жылы Канн фестивалінде ФИПРЕССИ сыйлығын жеңіп алған.

Оқи отырыңыз: «Джокерден» қауіптенуге бола ма?

Оскар жеңімпаздарының есімі 9 ақпан күні Голливудтың «Долби» театрында белігілі болады.

Номинанттардың толық тізімі:

Үздік фильм

«Однажды в Голливуде»

«Ирландец»

«1917»

«Паразиты»

«Брачная история»

«Джокер»

«Кролик Джоджо»

«Форд против Феррари»

«Маленькие женщины»

Үздік режиссер

Квентин Тарантино («Однажды в Голливуде»)

Мартин Скорсезе («Ирландец»)

Сэм Мендес («1917»)

Тодд Филлипс («Джокер»)

Пон Чжун Хо («Паразиты»)

Басты рөлдегі үздік актер

Хоакин Феникс («Джокер»)

Адам Драйвер («Брачная история»)

Леонардо ДиКаприо («Однажды в Голливуде»)

Джонатан Прайс («Два папы»)

Антонио Бандерас («Боль и слава»)

Басты рөлдегі үздік актриса

Рене Зеллвегер («Джуди»)

Скарлетт Йоханссон («Брачная история»)

Шарлиз Терон («Скандал»)

Сирша Ронан («Маленькие женщины»)

Синтия Эриво («Гарриет»)

Екінші пландағы үздік актер

Брэд Питт («Однажды в Голливуде»)

Аль Пачино («Ирландец»)

Джо Пеши («Ирландец»)

Том Хэнкс («Прекрасный день по соседству»)

Энтони Хопкинс («Два папы»)

Екінші пландағы үздік актриса

Лора Дерн («Брачная история»)

Скарлетт Йоханссон («Кролик Джоджо»)

Марго Робби («Скандал»)

Флоренс Пью («Маленькие женщины»)

Кэти Бейтс («Дело Ричарда Джуэлла»)

Үздік бейімделген сценарий

«Ирландец»

«Джокер»

«Кролик Джоджо»

«Два папы»

«Маленькие женщины»

Үздік түпнұсқадағы сценарий

«Однажды в Голливуде»

«Брачная история»

«Паразиты»

«1917»

«Достать ножи»

Үздік анимациялық фильм

«Как приручить дракона-3»

«История игрушек-4»

«Я потеряла свое тело»

«Потерянное звено»

«Клаус»

Шет тіліндегі үздік фильм

«Паразиты» (Оңтүстік Корея)

«Боль и слава» (Испания)

«Отверженные» (Франция)

«Страна меда» (Македония)

«Тело Христово» (Польша)

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Тегтер:
‡àãðóçêà...
Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат