Ақтөбеде Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің филиал басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр 

Фото: ашық дереккөзден

ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» РМК «Еңбек-Ақтөбе» филиалы директорының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖКД-нің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ РМК «Еңбек-Ақтөбе» филиалы директорының міндетін атқарушыға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Ол Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыруға бюджет қаражатын аудару кезінде жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкердің өкілінен 700 мың теңге сомасында қаражат алғаны үшін күдікті деп танылуда.

Күдіктінің және оның қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне және кінәсін мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдікті кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат