$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мақтааралда алауыздықты тудыратын жазба таратқан тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Сот күдіктіні үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды

Мақтааралда алауыздықты тудыратын жазба таратқан тұрғынға қатысты сот үкімі шықты
Фото ашық дереккөзден

Мақтааралда алауыздықты тудыратын жазба таратқан тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Онда белгісіз азаматтың WhatsApp арқылы ұлттық алауыздықты тудыратын жазбаны таратып жатқандығы туралы көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Мақтааралдық сақшылар хабар алысымен оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті шараларды жүргізді. Полиция қызметкерлерінің тиянақты жұмыстарының нәтижесінде жалған ақпарат таратқан ер адам анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.  Тәртіп сақшылары анықталған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғап, жан-жақты тергеу амалдарын жүргізді. Осылайша жинақталған іс-құжаттарды заңды шешім қабылдау мақсатында Мақтаарал аудандық сотына жолдады.

Бүгінде сот аталған ер азаматты кінәлі деп танып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Белгілі болғандай, ер адам елге тіл тигізіп, алауыздық тудыратын аудио жазба таратқан. Қазіргі таңда күдікті өзінің жасаған кінәсін толығымен мойындап, барша тұрғындардан кешірім сұрады.

Полицейлер ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта жалған ақпар таратпау мен расталмаған қауесет сөздерге сенбеу қажеттілігін айтты.
 

Серіктес жаңалықтары