13.01.2022, 06:40
Жаңалықтар
Бүгіннен бастап «Шымбұлақ» өз жұмысын қайта жалғастырады
Тек түнгі уақытта сырғанау уақытша тоқтатылды
Фото ашық дереккөзден
«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты 13 қаңтардан бастап өз жұмысын жалғастырады. Бұл туралы курорттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, аспалы жолдардың жұмыс уақыты төмендегідей:
«Медеу-Шымбұлақ» 08:30-18:00;
«Комби-1» 09:00-17:00;
«Комби-2» 09:00-16:30.
Ал түнгі сырғанау уақытша тоқтатылды.
«Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік басталғанда кешенде демалушылар, оның ішінде шет елден келген азаматтар болды. Қауіпсіздік күшейтілді. Шеруге шыққандар демалыс аумағына шабуыл жасамады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
