11.01.2022, 01:29
Жаңалықтар
Алматыда қақтығыс кезінде 40 бағдаршам істен шығып, шығын көлемі 72 млн теңгеге жетті
Бүлікшілер көбіне бағана мен таблоны қиратып тастаған
Фото ашық дереккөзден
Алматыда бағдаршамдарға келтірілген шығын көлемі 72 млн теңгені құрады. Қақтығыс кезінде қала ішіндегі 40 бағдаршам істен шыққан. Бұл туралы қаланы қалпына келтіру штабының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандардың айтуынша, бүлікшілер көбіне бағана мен таблоны қиратып тастаған. Сонымен қатар кабельге де зақым келтірген. Қазір Сейфуллин даңғылы, Момышұлы мен Манас көшелеріндегі бағдаршамдар қайта іске қосылды. Абай даңғылында жүріп жатқан жұмыстар да аяқталуға таяу.
Әзірге Гагарин көшесімен қиылыстағы бағдаршамды іске қосу мүмкін болмай тұр.
Ал Төле би көшелесіндегі жөндеу жұмыстары көп ұзамай аяқталады.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады