Атырауда жатақханада қалған студенттерге азық-түлік жеткізілді
Оқу орнында өз азаматтарымыздан бөлек шетелдік жастар да бар

Атырауда жатақханада қалған студенттер азық-түлікпен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырауда екі жоғары оқу орны бар. Соның бірі – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.
«Біздің университетте еліміздің жас өрендерімен бірге, шетелдің жастары да жоғары білім алады. Шетелдік студенттердің басым бөлігі – Ресей Федерациясындағы Астрахань облысының тұрғындары. Шетелден келіп оқитын қандастарымыз жергілікті студенттермен бірге жатақхана тұрады. Жаппай тәртіпсіздіктен соң университет жатақханасында 21 студент қалған еді. Оның ішінде Өзбекстаннан – 8, Қытайдан – 3, Ираннан – 1, Моңғолиядан 1 студент бар. Өзгелері – өз еліміздің азаматтары», -дейді университет ректоры Саламат Идрисов.
Ректордың айтуынша, жатақханада қалған студенттерге азық-түлік жеткізіліп берілген.