$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда жаппай тәртіпсіздіктерге 2 мыңға жуық адам қатысқан – облыс әкімі

Қазіргі уақытта 269 арандатушы ұсталды

Таразда жаппай тәртіпсіздіктерге 2 мыңға жуық адам қатысқан – облыс әкімі
Фото ашық дереккөзден

Таразда жаппай тәртіпсіздіктерге 2 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аппарат кеңесінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеңес  барысында ҚР Президентінің өзекті проблемаларды шешу бойынша берген нақты тапсырмалары қаралды.

«Зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалауды, коменданттық сағат талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

 Аймақ басшысы жаппай тәртіпсіздіктерге 2 мыңға жуық адам қатысқанын атап өтті. Қазіргі уақытта 269 арандатушы ұсталды.

«Қоғамдық тәртіп бұзушыларын анықтау операциясын жалғастыру керек. Бұл бағытта аудандар мен ауылдар әкімдіктері, полиция қызметкерлері тығыз жұмыс істеуі тиіс. Өңірдегі ахуалға қатысты ақпарат күнделікті жаңартылып отыр, оларға өңірлік шұғыл штабтың отырыстарында талдау жасалады», - деді Бердібек Машбекұлы.

Сондай-ақ, облыс әкімі коммуналдық қызметтердің жұмысы іркіліссіз болуын талап етті.

«Президент коммуналдық тарифтер, бензин, газ, азық-түлік бағаларының бағасын реттеу бойынша нақты тапсырма жүктеді. Азық-түліктің қажетті қорын қамтамасыз ету қажет», - деп тапсырма берді Бердібек Сапарбаев.


 

 

Серіктес жаңалықтары