$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған 31 адам қамауға алынды

Қазір Қарағанды маңына 8 блок бекет қойылған

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған 31 адам қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланған күннен бері 447 құқық бұзушылық анықталған.  Тәртіпке бағынбай, төтенше жағдай режимін бұзған 31 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Тәртіп сақшылары жүргізген рейд кезінде тыйым салынған 17 зат тәркіленген. Оның ішінде тегіс ұңғылы 9 мылтық бар.

Бұған қоса есірткі сақтаудың 6 фактісі анықталды.

Айта кетейік, қазір Қарағанды маңына 8 блок бекет қойылған. Кірген-шыққан көліктердің барлығы жіті тексеріледі.

«Қарағанды облысында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Қарағанды облысының Полиция департаменті, полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарайтын тұрғындарға алғысын білдіріп, тағы да азаматтардан төтенше жағдайдың барлық талаптарын орындауды сұрайды», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

 

Серіктес жаңалықтары