Астанада -8 градусқа дейін аяз болады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

 Үш қалада да алдағы күндері жауын-шашынның басым бөлігі күтілмейді

Астанада -8 градусқа дейін аяз болады:  синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады
Фото: istockphoto.com

Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн райы әртүрлі болады. Елордада түнгі температура -8 градусқа дейін төмендесе, Алматыда күндіз ауа +13 градусқа дейін жылынады. Ал Шымкентте 18 қарашада жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Астанада күн салқындайды

17 қарашада елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы -6…-8 градус, күндіз +2…+4 градус аралығында сақталады.

18 қарашада да жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 3–8, күндіз 7–12 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде -2…-4 градус, күндіз +2…+4 градус болады.

19 қарашада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы 5–10 м/с болады. Түнде ауа температурасы -5…-7 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0 градус шамасында болады.

Алматыда күн жылынады

Алматыда 17 қарашада көшпелі бұлт шығады. Жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады. Түнде ауа температурасы -2…-4 градус, күндіз +5…+7 градус шамасында болады.

18 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +9…+11 градусқа дейін көтеріледі.

19 қарашада да күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 3–8 м/с шамасында сақталады. Түнде 0…+2 градус, күндіз +11…+13 градус жылы болады.

Шымкентте жаңбыр жауады

17 қарашада Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с болады. Түнде ауа температурасы +2…+4 градус, күндіз +14…+16 градус аралығында болады.

18 қарашада таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +6…+8 градус, күндіз +14…+16 градус болады.

19 қарашада жауын-шашын тоқтайды. Көшпелі бұлт шығып, оңтүстік-шығыстан соғатын жел 8–13 м/с болады. Түнде ауа температурасы +6…+8 градус, күндіз +18…+20 градусқа дейін көтеріледі.