$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде өртеніп жатқан дүкен ішінен әйел адам құтқарылды

Тілсіз жауды ауыздықтауға барлығы 56 өрт сөндіруші және 12 арнайы техника жұмылдырылды

Семейде өртеніп жатқан дүкен ішінен әйел адам құтқарылды
inform.kz

Семей қаласында өртке оранған дүкен ішінен әйел адам құтқарылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сенсек, 10 қаңтар күнгі сағат 10 шамасында Семей қаласы Некрасов көшесі бойындағы матрац сату дүкенінде өрт шықққан. Оқиға орнына дер кезінде келген өрт сөндірушілер дүкен іші қатты түтіндегенін анықтады. Ғимаратқа кірген газтүтіннен қорғау қызметі улы түтін арасынан көмірқышқыл газынан уланған 1991 жылғы әйел адамды тауып, тез арада қауіпсіз жерге шығарды.

14 сағат 39 минутта өрт толық сөндірілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға барлығы 56 өрт сөндіруші және 12 арнайы техника жұмылдырылды.


 

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Семей #өрт