Ақша айырбастау пунктерінің қызметі уақытша тоқтатылады – Ұлттық Банк
Айырбастау пунктері Алматыда ғана емес, бүкіл ел бойынша жұмыс істемейді
Екінші деңгейдегі банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктерінің қызметі уақытша тоқтайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша Алматы қаласында және басқа да өңірлерде жағдайдың тұрақтануына, сондай-ақ байланыс арналарының қалпына келтірілуіне қарай Қазақстан қор биржасының валюталық алаңында сауда-саттықты қайта бастау және халықаралық төлемдер мен аударымдарды жүргізу бойынша шаралар қабылданып жатар.
Айта кетерлігі, террористік шабуыл мен тәртіпсіздіктер алдындағы соңғы сауда-саттықта бағам бір доллар үшін 431,5 теңге деңгейінде болған болатын.
Айырбастау пунктері Алматыда ғана емес, бүкіл ел бойынша жұмыс істемейді.
Қазір Ұлттық Банк валюталардың ресми нарықтық бағамын жариялады: бір доллар үшін 431,81 теңге, бір еуро үшін 488,16 теңге және бір Ресей рублі үшін 5,7 теңге.
Банктік қосымшаларда валютаны бір доллар үшін 434,75 теңгеден, бір евро үшін 491,3 теңгеден және бір рубль үшін 5,76 теңгеден сатып алады. Тиісінше бір долларға 437,25 теңгеден, бір еуроға 495,3 теңгеден және бір рубльге 5,86 теңгеден сатады.
Халықаралық алаңдарда кросс-бағам тәртіпсіздік басталғаннан бері өзгеріссіз бір доллар үшін 435,28 теңге деңгейінде көрсетіледі.