Үкімет Жаңаөзендегі жағдайға қатысты шаралар қабылдайды – Мамин

Azattyq Rýhy

Жаңаөзен қаласының тұрғындары газ бағасының көтерілуіне орай шеруге шықты

 

Үкімет Жаңаөзендегі жағдайға қатысты шаралар қабылдайды – Мамин

ҚР Премьер-министрі А. Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады», - делінген хабарламада.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды

«Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және газ бағасының алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылатын болады.

Оқи отырыңыз: Маңғыстаулықтар газ бағасын төмендетуді талап етіп, наразылыққа шықты

Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған оқиғаны құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.