03.01.2022, 12:12
Жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
2021 жылы боксшы екі жекпе-жек өткізді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біз дайынбыз» деп жазды Жәнібек.
Әлімханұлы жақында WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жекке ресми үміткер болып танылды. WBO Әлімханұлы мен Деметриус Андрадены (31-0, 19 КО) жекпе-жек туралы келісімге келуге міндеттеді.
Еске салайық, 2021 жылы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) екі жекпе-жек өткізді. Маусым айында америкалық боксшы Роб Брунтпен (26-3, 18 КО) жекпе-жек өткізіп, оны сегізінші раундта жеңсе, қарашада француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) жұдырықтасып, оны да сегізінші раундта нокаутқа жіберді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды