Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды
Жаңаөзен қаласының тұрғындары газ бағасының көтерілуіне орай шеруге шықты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында шеруге шыққандардың қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс екенін ескертті.
«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс.
Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек», - деп жазды Қ. Тоқаев.
Айта кетсек, Маңғыстау олысына қарасты Жаңаөзен қаласының тұрғындары газ бағасының көтерілуіне орай наразылыққа шықты.