10.01.2020, 02:22
Жаңалықтар
Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді?
Ол өзінің келесі кездесуін поляк Камил Шереметамен өткізеді
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО), IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы, өзінің келесі кездесуін поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) 28 наурыз күні өткізеді, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің ақпараты бойынша, 37 жастағы Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек Чикагода (Иллинойс штаты, АҚШ) өтеді. Жекпе-жек 28 наурызға жоспарланған.
Тағы өзге де мәліметтер бойынша, GGG рингке сәуір немесе мамыр айында оралады.
Айта кетейік, Головкин бүгінде келесі жекпе-жегіне қызу дайындықты бастап кетті.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді