$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2020, 01:50
Жаңалықтар

Қазақстанда шетелдіктер ішкі істер органдарында 30 күнге дейін тіркеуден босатылады

Шетелдіктерді тіркеу тәртібі 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап өзгереді

Қазақстанда шетелдіктер ішкі істер органдарында 30 күнге дейін тіркеуден босатылады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасында шетелдіктерді тіркеу тәртібіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2020 жылғы 11 қаңтардан бастап шетелдік азаматтар ішкі істер органдарында 30 күнге дейін тіркеуден босатылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі мемлекеттік шекарадан өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспауы керек.

Шетел азаматы Қазақстанда 30 күннен артық тұрса, қабылдаушы тарап қонаққа уақытша тұруға рұқсат ресімдеуге міндетті.

Қабылдаушы тарап 3 жұмыс күні ішінде шетелдіктердің келгені туралы көші-қон қызметіне хабарлауға (хабарлама) міндетті.

Хабарлама рәсімі www.vmp.gov.kz. виза және миграциялық порталы арқылы өткізуге болады.

Хабарлама болмаған жағдайда, қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады (ішкі істер органдарына шетелдіктер туралы уақтылы хабарлау бойынша шаралар қабылдамау).

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#шетелдіктер