$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2020, 02:52
Жаңалықтар

Қазақстандықтардың шетелдік шоттары туралы ақпарат салық органдарына беріледі

Біздің елде тұрып жатқан шетелдіктердің Қазақстандағы шоттары туралы ақпарат та тиісті елдерге жіберіледі

Қазақстандықтардың шетелдік шоттары туралы ақпарат салық органдарына беріледі
Фото: ашық дереккөзден

Қазақсн азаматтарының шетелде кірісі мен банктік есепшоттары болса, онда сол мемлекет тиісті ақпаратты салық органдарына жолдайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевның айтуынша, салық заңнамасына биылдан бастап банктер ақшалай қаражат операциялары жөнінде ақпаратты жіберуі туралы өзгертулер енгізілді. 

«Бұл тек резидент еместерге қатысты болмақ. Біздің осындай ақпарат алмасуды қажет ететін халықаралық міндеттемелеріміз бар. Бұл капиталды сыртқа шығаруға және халықаралық схемаларға қарсы әрекет етуге бағытталған. Егер Қазақстан азаматтарының шетелде кірісі мен банктік есепшоттары болса, онда сол мемлекет бізге ақпарат береді. Біз әрі қарай жұмысымызды жалғастыратын боламыз. Мәселенің мәні осында», - деді комитет төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев.

Оның айтуынша, біздің елде тұрып жатқан шетелдіктердің Қазақстандағы шоттары туралы ақпарат тиісті елдерге де жіберілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#салық