27.12.2021, 13:22
Жаңалықтар
Алдағы үш күнде 32 градусқа дейін аяз болады
Қар жауып, боран соғып, жел күшейеді
«Қазгидромет» мамандары 28-30 желтоқсан аралығында ел аумағында болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алғашқы күндері Солтүстік-батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді. Салдарынан қар жауып, боран соғып, жел күшейеді. Бұдан кейін суық ауа массаларының басып кіруінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана құбылмалы ауа райы сақталады. Термометр бағаны түнгі уақытта республиканың солтүстік жартысында 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді