$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау тұрғыны алаяққа 3,8 млн теңге беріп, алданып қалды

Алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Атырау тұрғыны алаяққа 3,8 млн теңге беріп, алданып қалды

Ақшаңды көбейтіп беремін деп тұрғынның 3,8 млн теңгесін алдап иемденген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қалалық Полиция басқармасына 39 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, әлеуметтік желі арқылы белгісіз азамат ақша берсең, көбейтіп беремін деп алдап кеткені туралы арызданды.

«Салған ақшаң ай сайын пайызбен еселеніп қайтарылатын болады деп сендіріп, жәбірленушіден жалпы 3,8 млн теңге ақша алған. Тәртіп сақшылары атыраулықты алдаған 37 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) фактісі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары