$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2020, 05:33
Жаңалықтар

Батыстық барлау тобы украиналық ұшақ апатының ықтимал себебін атаған

Арнайы қызмет Тегерандағы ұшақ апатына қатысты өз болжамын айтқан

Батыстық барлау тобы украиналық ұшақ апатының ықтимал себебін атаған
Фото: rcs.ir

Батыстық арнайы қызмет өкілдері Тегераннан ұшып шыққан әуе лайнері техникалық ақау салдарынан апатқа ұшырауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Reuters агенттігі канадалық арнайы қызмет органындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Мамандардың айтуынша, олардың қолында ұшақ қозғалтқыштарының бірінің қатты қызып кеткені туралы мәлімет бар көрінеді. Батыстық барлау қызметінің пікірінше, қайғылы оқиғаға дәл сол қызып кеткен қозғалтқыш себеп болуы мүмкін.  

Агенттікке ақпарат беруші сондай-ақ, батыс барлау тобы ұшақты ешкім зымыранмен атып түсірмеген деген қорытынды жасағанын айтқан.

Еске салсақ, 8 қаңтар күні таңертең Тегеран әуежайынан Киевке ұшып шыққан Boeing 737 ұшағы көп ұзамай апатқа ұшыраған еді. «Украина халықаралық әуежолы» компаниясына тиесілі ұшақ бортында 180 адам болған. Имам Хомейни атындағы әуежай өкілі Хуссейн Куливанд әуе апатынан ешкімнің тірі қалмағанын хабарлаған.   

Серіктес жаңалықтары