$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2020, 09:55
Жаңалықтар

Академик Өмірзақ Айтбайұлы қайтыс болды

Бұл ақпаратты Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов растады

Академик Өмірзақ Айтбайұлы қайтыс болды
фото: 6alash.k

Филология ғылымдарының докторы, ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР әлеуметтің ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, терминолог Өмірзақ Айтбайұлы қайтыс болды. Бұл ақпаратты Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов растады. ҰҒА басшысының айтуынша, Өмірзақ Айтбайұлы кеше түнде қайтыс болған.  

Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев 1936 жылы 5 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Отырар ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келеген.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тәмамдаған. Филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

1959-1962 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері. 1962-1999 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкері. 1995-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының профессоры. 1997-1998 жылдары - Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 1999 жылдан - «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталығының директоры қызметтерін атқарған.   А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары