05.12.2021, 11:19
Жаңалықтар
ШҚО-да қарапайым көлік жүргізушісі әлем чемпионы атанды
Алматыда өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің 17 елінің спортшылары қатысты
Өскемен қалалық өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласында өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің 17 елінің спортшылары қатысты.
«Ерзат Сақабанов 57 кг салмақта өнер көрсетті. Ол бір ай бұрын Азия чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Енді тағы бір жеңіске жетті. Ерзат Өскемен қаласындағы №9 Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінде қызмет етеді», - делінген ШҚО ТЖД қызметінің Instagram-парақшасында.
Айта кетсек, жекпе-жек — грэпплинг, джиу-джитсу, еркін күрес және каратэ өнерінің ережелері аралас спорт түрлерінің бірі.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді