$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

КВИ таралуы бойынша бір өңір ғана «қызыл» аймақта қалды

Өткен тәулікте елімізде 597 адамнан коронавирус анықталды

 

КВИ таралуы бойынша бір өңір ғана «қызыл» аймақта қалды
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 5 желтоқсанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің бір өңірі ғана «қызыл» аймақта қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Матрица бойынша:

«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы;

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары;

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 597 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 975 150 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 17 адам көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары