$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада 2022 жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

Тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды

Елордада 2022 жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

Елордада 2021 жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында елордада жастарға арналған «Elorda Jastary» арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Тұрғын үй мәселесі басым бағыттардың бірі болып саналады. Өткен жылы пандемияға қарамастан, елордада 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, оның 80%-ы – жеке инвестициялар. 2018 жылы 1 100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы – 2 900 жеңілдікті пәтер салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Бұл көрсеткіш биыл 10 мың пәтерге дейін ұлғайтылды», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, елордада 2021 жылы Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жалғасын тапты. Осы айда 2,5 мың әлеуметтік пәтерге арналған 6 көппәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ, өз баяндамасында қала басшысы 2022 жылы елордада тағы 10 мың әлеуметтік пәтер салынатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары