Елордада ерекше қажеттілігі бар жандар арасында шығармашылық байқау өтті

Azattyq Rýhy

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен ерекше физикалық қажеттіліктері бар 200-ден астам адам қатысты

Елордада паралимпиадалық жаттығу орталығында ерекше қажеттіліктері бар жандар арасында «Ғажайып жұлдыздар» шығармашылық байқауы өтті. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Шығармашылық сайыс 7 санатта өтті: ән, би (жеке, топтық), өлең, музыкалық аспаптарда ойнау, миниатюра, stand-up, қолөнер.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен ерекше физикалық қажеттіліктері бар 200-ден астам адам қатысты.

Байқаудың мақсаты – паралимпиадалық құндылықтарды тарату, инклюзивті қоғамдастық құру және мүгедектігі бар жандар арасында таланттарды анықтау. Қазылар алқасы әр санаттағы үздіктерді анықтады. Жеңімпаздарға грамоталар, медальдар, түрлі сыйлықтар тапсырылды.

Байқауды «Каспий» спортты дамыту қоры Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.