$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанға Pfizer вакцинасының кезекті партиясы келді

Келген вакцина жедел түрде еліміздің өңірлеріне жіберілді

Қазақстанға Pfizer вакцинасының кезекті партиясы келді
oko-planet.su

Алматыға Pfizer (Comirnaty) компаниясы шығарған COVID-19-ға қарсы вакцинаның кезекті партиясы келді. Жүк құрамына 266 760 доза кірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Pfizer компаниясымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша бірыңғай дистрибьютор барлығы 4 млн 230 мың доза сатып алған.

Келген вакцина жедел түрде еліміздің өңірлеріне жіберілді. Comirnaty вакцинасын жеткізу тікелей облыстық Денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жүзеге асырылады. Вакциналарды тасымалдау «суық тізбек» қағидаты бойынша жүргізіледі — әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі.  

«Вакцина логистикасының операторы – Comirnaty вакцинасын тасымалдауға мамандандырылған Pfizer компаниясының серіктесі саналатын UPS халықаралық логистикалық компаниясы. UPS компаниясы вакциналарды ультра төмен температуралық режимді қолдайтын Pfizer компаниясының Softbox арнайы тасымалдау контейнерлерінде тасымалдайды», - делінген ведомство хабарламасында.

Pfizer компаниясы тиімді тасымалдау, сақтау және температураны бақылау үшін толық логистикалық жоспарлар мен құралдарды жасады. Суық тізбекті сақтай отырып, вакцинаны сақтау және тасымалдау туралы нақты нұсқаулар бар.

«Pfizer компаниясы вакцинацияға қатысатын тиісті қызметкерлерді вакцинамен дұрыс, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуге және оны қолдануға үйретті. Pfizer фармацевтикалық компаниясының Қазақстандағы өкілдігі Comirnaty вакцинасы туралы қазақ және орыс тілдеріндегі мамандандырылған нұсқаулық-сайт іске қосты. Сайтта вакцина, оны қолдану және сақтау әдістері, клиникалық зерттеулердің нәтижелері туралы барлық ақпарат бар», - делінген хабарламада.

 

 
Серіктес жаңалықтары