Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 24 науқас көз жұмды
Республика бойынша КВИ жұқтырған 488 науқас ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 20 қарашадағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 20 адам қайтыс болды.
20 қарашадағы мәлімет бойынша, 30 644 адам коронавирус инфекциясынан (–26 362+ және 4 282 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 472 пациент стационарда, 24 172 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 488 адамның жағдайы ауыр,
• 133 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 94 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 20 қарашадағы мәлімет бойынша 132 жаңа жағдай тіркелді, 258 адам жазылып шыққан, 4 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 81 854;
- өлім жағдайы – 5112;
- барлығы 72 460 адам сауығып шықты.