$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тұман, көктайғақ»: елімізде алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша жел 15-23 м/с дейін күшейеді

«Тұман, көктайғақ»: елімізде алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 9-11 қараша күндеріне арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын солтүстік-батыс циклонның әсерінен Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінің басым бөлігінде жауын-шашын болады, елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын күтіледі.

«Сондай-ақ тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын болжанады, кезең соңына қарай ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болады: түнде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 0...10 аязға дейін, күндіз -5-5 аралығында, оңтүстік-батыста түнде 2-7 жылу аралығында, күндіз 5-10 жылуға дейін, солтүстікте болса -2-3 жылуға дейін жетеді», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады: күндіз ауа температурасы 5...15 жылуға дейін көтеріледі деп күтілуде. Республика бойынша жел 15-23 м/с дейін күшейеді.

Серіктес жаңалықтары