01.01.2020, 10:50
Жаңалықтар
WhatsApp мессенджері кейбір смартфондарда істен шығады
Бұл туралы бағдарламаның қолдау орталығының парақшасында жазылған
Фото: ашық дереккөзден
Бағдарламаның қолдау орталығының парақшасында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап WhatsApp мессенджері iOS және Android операциялық жүйелерінің ескі нұсқаларында істен шығатыны жазылған, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
Қосымшаның жұмыс істеуі үшін Android-та 4.0.3 және одан жоғары, ал iOS-та 9, KaiOS-та 2.5.1 және одан жаңасы болуы тиіс. Ал бұдан ескі нұсқаулар болса, қолданушылар мессенджерде тіркеле алмайды және өз аккаунттарын пайдалана алмайды.
Компания ескі смартфондар үшін жаңа жүйе құрастырмайдытындықтан, кейбір қосымшалар кез келген уақытта істен шығуы мүмкін.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді