Головкин Instagram желісіндегі ең танымал боксшылар тізіміне енді
Қазіргі уақытта оған 3 889 656 адам жазылған
Қазақстандық Геннадий Головкин кәсіпқой боксшылар арасында Instagram желісіндегі танымалдылық бойынша 2019 жылды жетінші орында аяқтады, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионына қазіргі уақытта 3 889 656 адам жазылған. 2019 жылы 37 жастағы Головкин екі жекпе-жек өткізген: маусымда канадалық Стив Роллсты, қазанда украиналық Сергей Деревянченконы жеңген. Бұл тізімде америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер көш бастап тұр, оның жазушылар саны - 23 миллион. Ал екінші орында британиялық боксшы Энтони Джошуа тұр - 10,7 миллион жазылушы. Үшінші орын америкалық Майк Тайсонда - оның 8,9 миллион жазылушысы бар.
Instagram желісіндегі ТОП-10 кәсіпқой боксшы:
1. Кіші Флойд Мейвезер (АҚШ) - 22,9 миллион (22 956 856);
2. Энтони Джошуа (Ұлыбритания) - 10,7 (10 797 968);
3. Майк Тайсон (АҚШ) - 8,9 (8 923 583);
4. Сауль "Канело" Альварес (Мексика) - 6,3 (6 391 519);
5. Мэнни Пакьяо (Филиппины) - 5,6 (5 635 855);
6. Райан Гарсия (АҚШ) - 4,4 (4 441 580);
7. Геннадий Головкин (Қазақстан) - 3,8 (3 889 656);
8. Мухаммед Али (АҚШ) - 3,4 (3 411 043);
9. Деонтей Уайлдер (АҚШ) - 2,5 (2 529 968);
10. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания) - 2,5 (2 503 56).