26.10.2021, 13:38
Жаңалықтар
Америкалық миллиардер ғарыш станциясын ашады
Жаңа станция 20-жылдардың екінші жартысында іске қосылмақ
Фото ашық дереккөзден
Америкалық миллиардер Джефф Безостың Блу Ориджн (Blue Origin) бен Сиера Спэйс (Sierra Space) компаниялары бірлесіп коммерциялық ғарыш станциясын құрмақ. Бұл туралы Azattyq Rýhy 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жоспар бойынша жер маңайындағы орбитада орналасатын жаңа станция 20-жылдардың екінші жартысында іске қосылмақ.
«Орбиталды Риф» деп аталатын жоба кәсіпкерлер, туристер және ғарышта ғылыми жоба жүргізетін зерттеушілер үшін жұмыс істейді. Ал компания өз тарапынан әр тұтынушыға қызметтің барлық түрін ұсынады деп сендіріп отыр.
Айта кетейік, Блу Ориджн (Blue Origin) ғарыш станциясын салу ісімен бір жылдай уақыт айналысып келеді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді