$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.10.2021, 12:48
Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі Pfizer өкілдерімен брифинг ұйымдастырмақ

Pfizer препаратын осы жылдың төртінші тоқсанында жеткізу жоспарланып отыр

Денсаулық сақтау министрі Pfizer өкілдерімен брифинг ұйымдастырмақ
Фото: BioNTech

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer өкілдеріне коронавирустық вакцинаны жеткізу туралы келісімді егжей-тегжейлі түсіндіру үшін министрлікпен бірлескен брифинг өткізуді ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз компанияға жүгіндік. Денсаулық сақтау министрлігі толық мәлімет айтпайды деуі мүмкін. Бірақ біз мәліметтерді құпия сақтауымыз керектігі жайлы келісіміміз бар. Жақын арада олармен бірге брифингке шығамыз деп ойлаймын. Олардан шығып, толық айтып беруін сұраймыз, себебі келісімшартта нақты бір талаптар бекітілген», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, Қазақстанда 12-18 жас аралығындағы балаларды вакцинациялау жоспарланып отыр. Pfizer препаратын осы жылдың төртінші тоқсанында жеткізу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары