$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақпарат министрлігі журналистердің құқығын қорғау туралы регламент жобасын әзірледі

Министрлік ұсыныстар қабылдайды

Ақпарат министрлігі журналистердің құқығын қорғау туралы регламент жобасын әзірледі
Фото: ашық дереккөзден

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында «Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларды қолдау регламентін» әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Регламентте журналистердің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері және журналистердің құқықтары бұзылған жағдайдағы министрліктің іс-әрекеттері көрсетілген.

«Осыған байланысты, регламентті одан әрі жетілдіру шеңберінде Министрлік барлық мүдделі тұлғаларды талқылауға қатысуға шақырады. Ескертулер мен ұсыныстарыңызды a.mukazhan@qogam.gov.kz эл.поштасына жіберуді сұраймыз. Ұсыныстарды қабылдау осы жылдың 25 қазанына дейін жүзеге асырылады», - делінген ведомство хабарламасында.

Регламент жобасын мына сілтеме бойынша оқып шығуға болады.

Серіктес жаңалықтары