$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.10.2021, 17:09
Жаңалықтар

Алматы облысында 20 әкім бюджет қаражатын қолды еткені үшін жауапкершілікке тартылды

Үш адам бас бостандығынан айырылды

Алматы облысында 20 әкім бюджет қаражатын қолды еткені үшін жауапкершілікке тартылды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында мемлекеттің ақшасын қолды қылған 20 әкім (облыстық – 6, қалалық – 4, аудандық – 9, ауылдық –1) жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында мәлім етті.

«Облыс бойынша департаменттің биылғы 9 айда атқарған жұмысының нәтижесі бойынша 87 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 72,4%-дан астамы немесе 63 қылмыс сыбайлас жемқорлық фактісіне жатқызылды. 70 адам сотталды, оның ішінде 65 адам 119 млн теңгеден астам сомаға айыппұлға, 2 адам бас бостандығын шектеуге, 3 адам бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра айырылды. Қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 3,8 млрд теңгені (3 850 843 791 теңге), оның 97,2%-ы немесе 3,7 млрд теңгесі (3 742 332 191 теңге) өтелді», ˗ дейді департамент басшысы.

Серіктес жаңалықтары