11.10.2021, 14:39
Жаңалықтар
Алдағы жылдың демалыс күндеріне өзгеріс енгізілді
Наурыз мейрамындағы демалыс күндері өзгертілді
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыратын қаулы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» №713 Үкімет Қаулысына қол қойды.
«ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі демалыс күндерін 2022 жылғы 5 наурыздағы сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге; 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстыруды қаулы етеді», — делінген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қол қойған қаулы мәтінінде.
Бұл қаулы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды