Бүгін, 17:03
Қоғам

«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)

Ол анасының сталкинг тақырыбында жазған кітабының тұсаукесерінде ел алдына шығып сөз сөйледі

«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Белгілі журналист Дана Нұржігіттің ұлы Әлім өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтып, жұртты шошытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол анасының сталкинг тақырыбында жазған «Көлеңке. 115-1» кітабының тұсаукесерінде ел алдына шығып сөз сөйледі.

«Мамам көрген, мен көрген қиындықтарды жауыма да тілемеймін. Бұл кітап тек білім туралы емес, бұл өмірге керек нұсқаулық. Сталкинг – әлеуметтік мәселе», – дейді Дана Нұржігіттің ұлы.

Оның бұл сөзіне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Құдай бере салған. Өзі кішкентай бала болса да санасы үлкен. Бақытты болыңыздар, Дана ханым», «Жаным, жарайсың, анасының қолғанаты», «Дана ханым, ұлыңыз үлкен ер-азамат деген атқа лайықты саналы да білімді, иманды болып өссін», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Дана Нұржігіттің жеке өмірінде қиындықтар болғаны, экс-күйеуінің сталкинг жасағаны туралы хабарланған.