«Ажырасқан соң қыр-соңынан қалмаған»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуін 3 жылға соттатты (ВИДЕО)

Аягөз Құрмаш

Бұрынғы күйеуі Дана Нұржігіттің жеке өміріне қол сұққаны үшін істі болған 

«Ажырасқан соң қыр-соңынан қалмаған»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуін 3 жылға соттатты (ВИДЕО)
Фотоколлаж/Әбілқасым Есентаев

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт әріптесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында бұрынғы күйеуінің қитұрқы әрекеттері туралы ашық айтқан. Сұхбаттың толық нұсқасы әлі шықпаған. Оның анонсын журналистің өзі жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy 

«Мен жарты жыл депрессияда жүрдім. Психотерапевтермен жұмыс істедім», - дейді Дана Нұржігіт сұхбаттың үзіндісінде.

Журналист ажырасқан соң да бұрынғы күйеуінің қудалауынан құтыла алмаған. Адамды аңдып, үнемі оны күзету сталкинг деген атаққа ие. Бұл еліміздегі заңда жазылмаған бап.

«Олар өзінің құрбаны жайлы ақпарат іздейді. Алайда сталкер сенің бұрынғы күйеуің болса, бәрі одан бетер тез өрбиді. Бірақ Дана мойымай, сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдей алды. Осы жазда оны Қылмыстық кодекстің 147 бабы бойынша 3 жылға шартты түрде соттады. Ол жеке өмірге қол сұқпау тәртібін бұзған», - деп жазды Динара Сәтжан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.