$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2021, 15:01
Жаңалықтар

Шымкент әкімдігі көк туды желбіретуге 1,7 млн теңге жұмсамақ

Шара аясында ақылы флешмоб өткізу де қарастырылған

Шымкент әкімдігі көк туды желбіретуге 1,7 млн теңге жұмсамақ
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте «Көк тудың желбірегені» әлеуметтік жобасы аясында өтетін шараға 200 адам қатыстыру жоспарланып отыр. Оған 1,7 млн теңге қарастырылған деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл қаражатқа 100 адамның қатысуымен тәуелсіздік күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу және қатысушыларға папка, блокнот, логотип жабыстырылған қалам - 100 дана, футболка (200 дана), бейсболка (20 дана) алу қарастырылыпты. Әлеуметтік желіге бейнероликтер әзірлеуді де ұмытпаған. Жоба аясында кемінде 100 адамды қамти отырып, жастармен 2 флешмоб акциясын өткізу жоспарланыпты.

«Коронавирсутық инфекцияның таралуымен эпидемиологиялық жағдай нашарлаған және жобаны жоспарлаған тәртіппен жүргізу мүмкін болмаған кезде тапсырыс беруші іс-шараның форматын өзгерту және көзделген сомадан шығыстарды қысқарту құқығы тапсырыс берушінің шешімі негізінде орындалады», - дегінген хабарламада.

Қоғам белсендісі Ғалымжан Оразымбет өзінің Facebook-парақшасында бұған дейін мұндай шаралардың, яғни флешмобтардың тегін өткенін айтады.

Айта кетейік, «Көк тудың желбірегені» әлеуметтік жобасына жарияланған конкурстың жеңімпазы 25-ші қазан күні анықталады.

Серіктес жаңалықтары