$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2021, 13:14
Жаңалықтар

Елордада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтеді

Павлодар өңірі 520 тонна тауар әкеледі

Елордада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында 9 және 10 қазан күндері «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Павлодар облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, облыстың ауылдық жерлерінің тауар өндірушілері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері қатысады.

«Елордада осы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған өңір елордаға 200 млн теңгеден астам сомаға 520 тонна өнім, оның ішінде ет, сүт, бакалея өнімдері, картоп, көкөніс әкеледі.

Жәрмеңке санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізіледі.

Серіктес жаңалықтары