$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2021, 12:33
Жаңалықтар

Судья Astana LRT ісі бойынша сот үкімінің күшін жойды

Олар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын

Судья Astana LRT ісі бойынша сот үкімінің күшін жойды
фото: express-k.kz

Елордалық соттың апелляциялық алқасы Аstana LRT ісі бойынша үкімнің күшін жойып, оны прокурорға қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық істі прокурор қайта қарайды. Сот алқасы осындай шешімге келді. Отырыс елордалық соттың апелляциясында қаралған. Өйткені бұл атышулы істе заң бұзушылықтар көп. Дәлел болғанымен, кейбір шетелдік компаниялардың өкілдеріне қатысты шешім қабылданбаған. Сотталушылар қамауда отыра береді.

«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 28 мамырдағы Рашид Аманжолов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов, Дәурен Әбдіхамитовке қатысты үкімінің күші жойылды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының басты сот талқылауына кедергі келтіретін елеулі бұзушылықтары мен нормаларын жою үшін қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының прокурорына қайтарылды», - делінген Нұр-Сұлтан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судьясының шешімінде.

Айта кетейік, елордада LRT жобасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру дерегі бойынша айыпты деп танылған жеті адам 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын.

Серіктес жаңалықтары