$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2021, 11:02
Жаңалықтар

Нан бағасы қымбаттап жатыр: Астықтың көп бөлігі экспортқа жіберілген

Астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықты қолдан жасауға көшті

Нан бағасы қымбаттап жатыр: Астықтың көп бөлігі экспортқа жіберілген
Фото: ашық дереккөзден

Астықтың басым бөлігі экспортқа кетуде, шетелде оны өңдеу Қазақстан ішіндегі астыққа қарағанда әлдеқайда арзан. Салдарынан ішкі нарықта нан бағасы қамбаттап жатыр деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Республика бойынша нан бағасының өсімі байқалады. Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері осы мәселені көтеріп депутаттық сауал жолдады.

«Соңғы уақытта негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне қатысты мәселелер көтерілуде, халық бағаның реттелмейтініне, тіпті кейде әртүрлі болатынына шағым жасауда. Мысалы, ең танымал І сұрыпты ұн 150-200 теңге аралығында сатылады және одан әрі өсу үрдісі бар. Ал ұн бағасы осы жазда 120-130 теңге аралығында»,˗ делінген депутаттық сауалда.

Батыс Қазақстан облысында соңғы уақытта нан бағасы 11 пайызға қымбаттаған екен.

Депутаттардың айтуынша, нан бағасы алдағы уақытта айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Себебі, елдегі астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықты қолдан жасауға көшкен. Өндірушілер бағаның одан әрі өсуін күтіп, астықты өздерінде ұстап қалуы мүмкін. Қазір жұмсақ бидай тоннасы шамамен 125 мың теңге тұрады. Мамандардың айтуынша, жағдай шиеленіскен. Бұл қазірдің өзінде ұн тартушыларға кері әсер етіп отыр. Олар өз нарығын жоғалтып, тұтастай бір сала үлкен проблемаларға тап болуы ықтимал.

Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы

Серіктес жаңалықтары