Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

Түркия қазақстандықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты

Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген

Фото: ашық дереккөзден

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты қазақстандықтарға көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Бүгін, 27 желтоқсан күні таңертең Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақтың апатқа ұшырағанын және ұшақ бортындағы адамдардың жарақат алып, қаза тапқанын естіп, қатты қайғырдық. Дос және бауырлас Қазақстан халқының қайғысына ортақтасып, апатта қаза болғандарға Алладан рақым тілейміз. Олардың жақындарына көңіл айта отырып, сабыр тілейміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз» делінген Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.