Алматыдағы ұшақ апатынан елордалық дәрігер қаза тапты
Алматының түбінде құлаған жолаушылар ұшағында екі медицина қызметкері болған

Алматының түбінде құлаған жолаушылар ұшағында екі медицина қызметкері болған. Олардың біреуі – Арман Исина қаза тапты. Ал оның әріптесті ауыр хәлде ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазақстан медицинасы ауыр қайғыны басынан өткеруде. Әріптесіміз, акушер-гинеколог Арман Исина қаза тапты. Ол Қазақстандағы Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу бойынша Ұлттық жаттықтырушы болатын. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мамандарына созылмалы инфекциялық емес ауруға шалдыққан пациенттерді халықаралық талаптарға сәйкес емдеу тәсілдерін үйретіп жүрген еді», - деп жазды Біртанов өзінің Facebook парақшасында.
Бұл қаза отбасы үшін өте ауыр және орны толмас қайғы екенін айтқан министр еліміздегі бүкіл дәрігердің атынан Арман Исинаның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.