12.09.2021, 11:11
Жаңалықтар
Қазақстанда вакцина салған тұрғындар саны 7 072 523 адамға жетті
Вакцинациялау бойынша өңірлер арасында әлі де Алматы қаласы көш бастап тұр
Фото: ашық дереккөзден
11 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 7 072 523 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 072 523 адам, 2-ші компонентін 5 893 619 адам салдырды », - делінген ДСМ хабарламасында.
Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында бұрынғыша Алматы қаласы көш бастап тұр. 908 974 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген.
Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде тағы да Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 148 924 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген.

Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді