$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2021, 11:45
Жаңалықтар

Алтын іздеген: Қалжыр өзені ластануының алдын ала себебі аталды

Өзен суының құрамын арнайы комиссия тексеруге кірісті  

Алтын іздеген: Қалжыр өзені ластануының алдын ала себебі аталды

Жақында әлеуметтік желілерде Күршім ауданына қарасты Қалжыр өзені ластанғаны туралы хабар тараған болатын. Ал 6 қыркүйек күні су ресурстарын қорғау мамандарынан комиссия құрылып, оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алтайньюске сілтеме жасап.

Өзен ағысы бойынша жоғары және төмен орналасқан Алтай ауылынан бастап Боран ауылына дейін өзеннің әртүрлі нүктесінен су сынамалары алынды.

«Тексеру қортындысына сәйкес "Хван С.А." ЖК, "Кошкинбаев Б. А." ЖК, "Бошаев У. Т." ЖК, "Дуйсембаев А.У." ЖК, "Мадымаров Х. Д." ЖК заңсыз кен шығару жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ өзен арнасын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан су лайланған. Осы жылы анықталған заңсыз жұмыстардан кейін кеншілерге ӘҚБтК-нің 332-бабына сәйкес (Мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу туралы талаптарды орындамау) 218 775 теңге айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды. Өзен ағысынан төменірек "Қасенов" ЖК құрамында алтын бар кенді өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланудың заңсыз жұмыстары анықталды. Барлық материалдар уәкілетті органдарға жіберілді», - деді ШҚО Экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраров.

Серіктес жаңалықтары