$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2021, 10:48
Жаңалықтар

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 72 науқас көз жұмды

Коронавирус жұқтырған 1283 адам ауыр жағдайда жатыр

 

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 72 науқас көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 11 қыркүйектегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 59 адам қайтыс болды.

12 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 79 417 адам коронавирус инфекциясынан (–71 112 + және 8 305 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 16 319 пациент стационарда, 63 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 283 адамның жағдайы ауыр,
  • 342 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 190 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 10 қыркүйектегі мәлімет бойынша 270 жаңа жағдай тіркелді, 120 адам жазылып шыққан, 13 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

науқастар саны – 72 742; 

өлім жағдайы – 4664;

барлығы 59 773 адам сауығып шықты.

Серіктес жаңалықтары