$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2021, 16:51
Жаңалықтар

Түркістан облысында пара алған екі мемлекеттік қызметкер сотталды

Олар қылмыстық істің деректерін бұрмалағаны үшін 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған

Түркістан облысында пара алған екі мемлекеттік қызметкер сотталды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қаржылық мониторинг агенттігінің жеке қауіпсіздік департаменті Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменттің екі қызметкерінің дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін пара алу дерегін анықтады.

Екі қызметкер Садықов пен Шораев, қызмет бабын пайдалана отырып, алкоголь өнімдерін рұқсат құжаттарсыз және жалған есепке алу-бақылау маркаларымен сату бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет дерегін жасыруға жәрдем көрсеткен.

Аталған тұлғалар алдын ала сөз байласу арқылы кінәсіз куәгерді әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, нақты кінәліге қатысты қылмыстық істі заңсыз тоқтатқан.

Қылмыстық істің деректерін бұрмалағаны үшін Садықов пен Шораев 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған. Қызметкерлер сотталды.

Серіктес жаңалықтары