ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 870 мыңнан асты

Токио-2020: Закир Сафиуллин жартылай финалға шыға алмады

Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов жартылай финалда өнер көрсетеді

фото: olympic.kz

Бокстан 63 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Закир Сафиуллин ширек финалда жеңіліп қалды. Закир Сафиуллин 1/4 финалда аустралиялық Гарри Гарсайдпен кездесті. Тартысты кездесуде 3:2 есебімен Аустралия өкілі жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин алғашқы кездесуінде (1/16 финал) Перу өкілі Леодан Пезоны жеңіп, келесі айналымға жолдама алды. Турнирдің 1/8 финалында Сафиуллин жапон боксшысы Дайсуке Наримацуға қарсы шығуға тиіс болған. Алайда жарыс қожайыны жарақатына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартқан. Нәтижесінде жерлесіміз ширек финалға еш қиындықсыз жолдама алды.

Еске салайық, бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев пен 52 келіде бақ сынап жатқан Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты.